Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

<img src="https://devamgazetesi.
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Yayın: 06 Mart 2022 DÜNYA Google News

 

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді

Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін нығайтуға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

Кері қайту Кері қайтуTwitter Facebook Басып шығару
Заңдар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
2022 жылғы 04 наурыз

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
Жарлық

Б.Н. Асыловты тағайындау туралы

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ulttyk-kauipsizdik-pen-kukyktyk-tartipti-kamtamasyz-etu-zhoninde-kenes-otkizdi-424447

 

Son Güncelleme: 06 Mart 2022