Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады
2024 жылғы
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен кездесті.
https://x.com/aqorda_press/status/1854798442792423694
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
https://x.com/aqorda_press/status/1854798442792423694
Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.
Қазақстан Президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.
https://x.com/aqorda_press/status/1854798442792423694
Өз кезегінде Масацугу Асакава еліміздің экономикалық реформалары мен орнықты даму жолындағы табысын оң бағалады. Сонымен қатар банктің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және инвестициялық ахуалды нығайту бағытындағы ірі жобаларға қатысуға дайын екенін растады.
Азия даму банкі президентінің сапары аясында жалпы құны 300 миллион доллардан асатын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-aziya-damu-bankinin-prezidenti-masacugu-asakavany-kabyldady-810447
https://x.com/aqorda_press/status/1854798442792423694
Meeting with the expert of the UN Security Council Monitoring Group
Meeting of the Deputy Minister with the Rector of the Institute of Diplomatic Studies
Meeting of the Minister of Foreign Affairs with the U.S. Senator
NOVEMBER 24 TEACHERS DAY MESSAGE FROM ASFA HOLDING CHAIRMAN OF THE BOARD ASAF ATASOY
AVUKAT OSMAN EYYÜPOĞLU `NDAN 24 KASIM ÖĞRETMENLER GÜNÜ MESAJI
MEHMET NURİ SAMANCI `DAN 24 KASIM ÖĞRETMENLER GÜNÜ MESAJI